411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте қару алып қашып кеткен әскери қызметші ұсталды

  • 517
  • UPD: 23:06, 20.02.2020
Шымкентте қару алып қашып кеткен әскери қызметші ұсталды

Шымкентке тақау маңдағы әскери бөлімнен қашып кеткен кіші сержант ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскериді Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жедел тобы қолға түсірген. Қару-жарақтың ұрлануына байланысты қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Айта кетерлігі, кіші сержант өзі ғана кетпеген. Онымен қоса әскери бөлімнен бірнеше қару-жарақ жоғалған.

Хабар 24 телеарнасы