448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабарлықтар» студенттермен жүздесіп, тәжірибелерімен бөлісті

  • 145
«Хабарлықтар» студенттермен жүздесіп, тәжірибелерімен бөлісті

«Хабар» Агенттігінің тәжірибелі маманы, жаңалықтар бөлімінің сарапшы-редакторы Дина Букаева Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттерімен жүздесіп, шеберлік сабағын өткізді.

1998 жылдан бері арнамыздың әртүрлі бөлімінде қызмет еткен білікті маман жастарға тележурналистикада жинаған тәжірибесімен бөлісіп, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап берді. Ал «Хабар» Агенттігі Алматы филиалының телеоператоры Нұрдәулет Жақсыбаев осы өнер ордасында тәлім алып жүрген жастарға бейнеқатарды қалай көре білу керектігін түсіндірді.  

Айдана Медетова, студент:

– Продюсер мамандығымен телевидение саласында жұмыс істегім келеді. Сол себепті, маған пайдалы өте көп мәліметтер алдым.

Хабар 24 телеарнасы