448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар МӘМС жүйесінің алғашқы айлардағы жұмысын қорытындылады

  • 175
  • UPD: 09:08, 21.02.2020
Мамандар МӘМС жүйесінің алғашқы айлардағы жұмысын қорытындылады

1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғаны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа бағдарламаның алғашқы айлардағы жұмысына мамандар сарап жасады. Енді 14 06 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу мүмкіндігі бар. Түсіп жатқан арыз-шағым біршама екен. Оның бәрі бақылауда, мейлінше мән беріліп, толықтай қаралады. Қазіргі уақытта еліміздің 90%-тен астам тұрғыны, яғни 17 млн адам сақтандырылды. Аталған жүйеге мемлекеттен 34,2 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ сақтандыру қоры 1258-ден аса медициналық ұйыммен келісімшарт жасасты. Енді әр азамат өзінің сақтандыру мәртебесін анықтап, 31 наурызға дейін жүйеге тіркелуі тиіс.

Айбатыр Жұмағұлов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы:

- Жұмыс беруші міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жарна төлеуге міндетті. Бұл заңмен бекітілген. Бұл жүйеден өз еркімен бас тарту мүмкіндігі жоқ, сол себепті жарна төлеуден бас тартқан жұмыс берушіге қатысты Кіріс комитетінің қызметкерлері белгіленген тәртіп бойынша жұмыс атқарады.

 

Хабар 24 телеарнасы