418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында мемлекеттік қызметкерлер уақытша ұстау абақтысына барды

  • 303
  • UPD: 13:23, 21.02.2020
Маңғыстау облысында мемлекеттік қызметкерлер уақытша ұстау абақтысына барды

Маңғыстау облысындағы мемлекеттік мекеме-кәсіпорындардың қызметкерлері түрмелерге барып, темір тордың арғы бетіндегі өмірмен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кезекті кездесу уақытша ұстау абақтысында өтті. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарынан отызға жуық адам барды. Араларында басшылық қызметтегілер мен жас мамандар да бар. Олар камераларды аралап, сот үкімін күтіп жатқандардың жай-күйіне қанықты. Аталмыш шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Ақтаудағы департаменті ұйымдастырып отыр. Мұндағы мақсат – мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабындағы қылмыстық әрекетін алдын алу. Құзырлы орган осы тектес кездесулерді облыс көлемінде өткізуді жоспарлап қойған.

Сәбит Жәкенов, ҚР СЖҚІҚА облыстық департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері:

- Біз мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының азаюына әсері тиеді деп ойлаймыз. Бүгінгі таңда 23 адамды қамтыдық. Және ертең, арғыкүні біз тағы да мемлекеттік қызметшілерді осы тергеу изоляторына кіргіземіз деген ойдамыз. Әділет департаментінің қызметкерлері болады. Бұл шара бүгін-ертең бітпейді. Жыл бойы жалғасады. Және арғы жылдары да өткізіле береді осылай.

Хабар 24 телеарнасы