429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемен жастары Абайдың 175 жылдық мерейтойын ерекше атап өтпек

  • 496
  • UPD: 14:45, 21.02.2020
Өскемен жастары Абайдың 175 жылдық мерейтойын ерекше атап өтпек

Шығыстағы жастар ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын ерекше атап өтпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жылы жоғары оқу орындарындағы студенттер барлық іс-шарада волонтер ретінде көмек көрсетпек. Ақынды ұлықтауға арналған мерекелік шаралар облыс орталығында бір ай бұрын басталды. Ал техникалық университеттің ұжымы да Абай жылын ресми түрде ашты. Арнайы театрландылырған қойылымға кәсіби әртістер шақырылса, «Байжігіт» атындағы ұлт-аспаптар оркестрі де Абайдың шығармаларын орындады. Ал университтеттің өзінде «Абай» әдеби клубының құрылғанына биыл 19 жыл. Биыл қаңтар айынан бастап «Абай және XXI ғасыр» деген тақырыпта оқу курсы басталды. Енді «Адам бол» деген тағы бір жаңа жоба жасалды.

Шолпан Қуаныш ,оқытушы:

- Абай клубының мүшелері бірінші крус студенттері өзге ұлт өкілдерімен бірге поэтикалық-поэзиялық музыкалық қойылым көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы