423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ҚР ЕХӘҚМ: еліміздегі барлық бос жұмыс орындары бір жүйеде болады

  • 629
  • UPD: 15:23, 21.02.2020
ҚР ЕХӘҚМ: еліміздегі барлық бос жұмыс орындары бір жүйеде болады

Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне 1 миллионнан астам адам тіркелді.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі мәлімдеді. Нариман Мұқышевтің сөзінше, жоба жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Қазір әлеуметтік еңбек саласында 40-тан аса мемлекеттік қызмет цифрландырылған. Жыл соңына дейін министрлікте көрсетілетін электронды қызметтерінің үлесін 90%-ға артады. Мемлекеттік қызметтерді цифрландырудан 3 миллиардтан астам теңге үнемделді.

Нариман Мұқышев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

- Осы жылы біз мемлекеттік қызметтің бос орнын электрондық еңбек биржасына орналастыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша, еліміздегі барлық бос жұмыс орындары бір жүйеде болады.

Хабар 24 телеарнасы