439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте денсаулық туралы кодекс талқыланды

  • 188
  • UPD: 19:06, 21.02.2020

Денсаулық туралы кодексті әзірлеу барысында Мәжіліс депутаттары қоғамның барлық өкілдерінің пікірін ескерді.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында осылай деді.

Еске сала кетейік, құжаттағы бірқатар нормалармен көпшілік келіспей дау тудырған еді. Әлеуметтік желіде қызу талқылап, тіпті мемлекет басшысына дейін хат жазған болатын. Осыған байланысты  бірқатар мемлекеттік органның басшылары, қоғам қайраткерлері, медициналық қауымдастық өкілдері жиналып, өз ойларын ортаға салды. Тараптар пікірталас тудырған көптеген нормаларға қатысты ортақ бір мәмілеге келді.

Мәселен, сапасыз вакцина тасымалымен айналысқандар қатаң жазаланады. Ал адам өмірден өткенде өз органын беруге көзі тірісінде рұқсат бермесе оның орнына шешім қабылдау заңсыз болып танылмақ. Бұдан өзге де бірқатар нормалар өзгертіледі. Жақын арада құжат мәжілістің қарауына жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы