420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге ниетті

  • 399
Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге ниетті miid.gov.kz

Ташкент қаласында Uzbekistan Airports, Aviation & Logistics Forum 2020 халықаралық авиация-логистикалық форумы аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Эльяр Ганиевпен, Әуе көлігін дамыту департаментінің бастығы Ұлықбек Бекташевпен, сондай-ақ Uzbekistan Airports АҚ басқарма төрағасы Ровшан Исмаиловпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның азаматтық авиациясын дамыту перспективаларын, оның ішінде Қазақстанның әуежайларында енгізілген «ашық аспан» режимі аясында шетелдік әуе компанияларды тарту бойынша қабылданған шараларды талқылады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасын одан әрі кеңейту қажеттілігін растады. Кездесу қорытындысы бойынша екі ел арасында рұқсат етілген жиіліктер санын арттыру, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның әуе тасымалдаушылары үшін екі елдің аумағында жаңа тағайындау пунктерін қосу бойынша жұмысты жалғастыру уағдаластыққа қол жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы