loader


«Bek Air» компаниясының соты кейінге шегерілді

Бүгін «Bek Air» әуе компаниясы мен Алматы облысы Талғар ауданындағы ұшақ құлаған үйдің иесі арасындағы сот ісі басталу керек болатын.

Бірақ, екі тарап та сотқа келгенімен сот ісі наурыз айына шегерілді. Себебі үйдің иесі Решет Қалыбек қаражатының жоқтығына байланысты әлі күнге дейін өзіне қорғаушы жалдамағанын айтты. Сондай-ақ орыс тілін жетік білмеймін деген ол, аудармашының болғанын талап еткен. Ал журналистерге берген сұхбатында компанияға қарсы шағым беретінін мәлімдеді. Үйдің иесі осы күнге дейін әкімшілік тарапынан ешқандай көмек болмағанын айтады.

Еске сала кетейік, ақпан айының басында «Bek Air» әуекомпаниясы ұшақ құлаған үйдің иесін сотқа берген болатын.  

Нұрлан Жұмасұлтанов, «Bek Air» әуе компаниясының басшысы:

- Біздің талап, бұл үйдің құрылысын заңсыз деп тауып, ол үйді сүрдіру. Әкімшілікті сотқа бермеген себебіміз үй де, жер де осы кісінікі. Сондықтан ол өзі жауап беру керек.

Решет Қалыбек, үй иесі:

- Талап арызбен мен келісе алмаймын. Өйткені жерді мен заңсыз сатып алған жоқпын, заңды сатып алдым. Мен енді заңгерлермен сөйлескенде бұлардың барлық мақсаты – ол үйді заңсыз деп шығарып, артынан мені сотқа беру. Өздерінің 12 адамының өлімін менің мойныма артып қою. Өздерінің бұзылған-шіріген самолетының құлағанына жауап берудің орнына менің үйімді бұзды, қиратты.  

Қазіргі кезде жемқорлықпен күрес Агенттігі әуежай маңында салынған үйлердің заңды немесе заңсыз салынғанын анықтап жатыр.

Сондай-ақ...