427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қайырымдылық керуені» байқауының жеңімпаздары марапатталды

  • 726
  • UPD: 22:12, 21.02.2020

Елордада кең жүректі, қайырымдылық жасаудан жалықпайтын жомарт жандар марапатталды. Бүгін «Қазақстан» орталық концерт залында «Қайырымдылық керуені» жобасының жеңімпаздары анықталды. Бір ерекшелігі, елімізде мұндай шараларға қатысушылар саны жыл санап артып келеді.

Қайырымдылық қазаққа тән қасиет. Бүгін бойына осы бір қасиетті сіңірген жомарт жандар марапатталды. «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында  2019 жылдың тамыз айында  іріктеу жүргізілді. Нәтижесінде 5 номинация бойынша 25 жеңімпаз анықталды. 

Ерлан Бекқожин, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы:

- Бірнеше жылдан бері «Хабар» агенттігі осы іс-шараның ақпараттық серіктесі болып табылады. Бұл агенттік үшін өте маңызды. Өйткені, жоба игілікті ту етіп, жақсыларды  біріктіреді. Байқау Тұңғыш Президент – Елбасы қорының қолдауымен өтіп жатыр. Ал біз өз тарапымыздан  Қазақстанда болып жатқан игі істерді көрсетеміз. Оларды көпшілік білу керек, өйткені меценаттар барлық жан дүнесін салып, қайтарымсыз қолдауларын аямайды. Сондықтан еліміздің басқа да бұқаралық ақпараттық құралдарын осындай жобаларды қолдап, жақсы істерді көптеп көрсетуге шақырамын. 

Ләззат Жабатаева «Туған жер» номинациясының жеңімпазы атанды. Өз қаражатына Сарыкемер ауылында спорттық-сауықтыру кешенін салып, «Қайнар» медициналық орталығының негізін қалаған. Сонымен қатар Ләззат жыл сайын қайырымдылық шараларына 7 миллион теңге бөледі екен. 

Ләззат Жабатаева, «Туған жер» номинациясының жеңімпазы:

- Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүректері мейірімге толы жандармен танысып жатырмыз. Ол біздің әрқайсымыздың міндетіміз деп ойлаймын. Көмекке зәру жандарға көмектесу. Мен өте қуаныштымын. Сондай жақсы көңіл-күйдемін. Өйткені жанымызда жүректері мейірімге толы жандар өте көп. Бұған көзім жетіп жатыр. 

Алғашқыда байқауға 97 үміткер қатысса биыл 231 қатысушы бақ сынады. Бұдан қайрымдылықты ту еткен жандардың жыл сайын артып келе жатқанын байқауға болады. «Қайырымдылық керуені» байқауының басты мақсаты да осы.

Авторлары: Бейсембі Айгерім, Тауекелов Ануарбек

Хабар 24 телеарнасы