425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы әуежайды сенімді басқару құқығы ресейліктерге берілуі мүмкін

  • 472
  • UPD: 22:05, 21.02.2020
Ақтаудағы әуежайды сенімді басқару құқығы ресейліктерге берілуі мүмкін blogspot.com

Ақтау халықаралық әуежайын сенімді басқару құқығы Ресейдің «Өңірлердің әуежайы» атты холдингіне өтуі мүмкін.

Бұл ақпараттың растығын айлақ өкілдері де жоққа шығармайды. Айтуларынша, қазақстандық әуе тұрағы сатылымға шығарылмайды. Тек оның басқару құқығын иеленуші компаниялар ғана ауыса алады. Қазіргі уақытта ресейліктер көз тіккен Ақтау әуежайын 2007 жылдан бері түрік компаниясы басқарып келеді. Жалпы шетелдік инвесторлардың қазақ мемлекетінің әуежайларына қызығушылығы жоғары.

Есіңізге сала кетейік, бұған дейін түрік-француз компаниясы Алматы халықаралық әуежайын сатып алуға ниет білдірген еді.

Хабар 24 телеарнасы