432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда бейбіт шерулер туралы заң жобасы талқыланды

  • 508
  • UPD: 22:13, 21.02.2020
Петропавлда бейбіт шерулер туралы заң жобасы талқыланды

Жиынға мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, партия өкілдері мен белсенді азаматтар қатысты.

Қазір қалада митинг өткізетін 4 орын белгіленген. Заң жобасын дайындаған ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қызметкерлерінің айтуынша, бейбіт шерулер 250 адамға рұқсат етілген. Бұл қауіпсіздік шараларына байланысты қабылданған шешім. Айта кетейік, аталмыш  құжат наурыз айында Парламент депуттарының қарауына жіберіледі. 

Жанат Мұхамеджанов, «СҚО Азаматтық альянс қауымдастығы» ҚБ мүшесі:

- Бұл жерде бейбіт шерулер арқылы, митингілер арқылы халық ойын емін-еркін білдіруі қажет. Себебі біз енді демократиялық мемлекет болғаннан кейі, осы қадамды жасап жатқаннан кейін өз пікірін билікке жеткізудің бір түрі.

Хабар 24 телеарнасы