439,09 487,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте судьялар Абай шығармашылығы бойынша жарысты

  • 209
  • UPD: 22:46, 21.02.2020
Шымкентте судьялар Абай шығармашылығы бойынша жарысты

Шымкентте сот төрағалары, судьялар мен алқа билер кеңесінің мүшелері Абай оқуларынан сынға түсті. Бұл шара «Абай қазақ құқығының білгірі» деп аталды. Ұлы ойшылдың 175 жылдығына арналған жиында абайтанушы ғалымдар, судьялар және жастар баяндама жасады. Сот саласының мамандары ақынның қара сөздерін оқып, әндерін орындады. Шараға қатысқан ғалымдар «ұлы Абайдың мұрасы халықтың рухани қазынасы» дейді. Сондай-ақ Абайдың кез-келген даудың шешімін таба білетін төбе би болғандығы айтылды. «Абай жазған «Қарамола» ережесі әлі күнге дейін ата заңымыздың бір бөлшегі іспеттес. 

Мұхтар Пәрменов, Шымкент қалалық сотының алқа төрағасы:

- Абай Құнанбайұлының үлкен құқықтанушы болғандығын екінші қырынан біліп отырмыз. Олай дейтін себебіміз 1885 жылы Семей губерниясында Қарамола өңірінде қабылданған «Қарамола ережесі» қабылданғаны бәріңізге мәлім. Осы Қарамола ережесін сол уақытта жазу Абайға бұйырған екен. Бүгінгі таңда сол Қарамола ережесінің көптеген жері қазіргі қолданыстағы қылмыстық болсын азаматтық заңнамаларда өзінің жалғасын тауып отыр.

Хабар 24 телеарнасы