439,09 487,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда бейбіт шеру туралы заң бойынша қоғамдық тыңдау өтті

  • 181
  • UPD: 23:19, 21.02.2020
Көкшетауда бейбіт шеру туралы заң бойынша қоғамдық тыңдау өтті

Бейбіт митингтер өткізу туралы тұрғындардың ұсынысына шенеуніктер тарапынан жауаптың болмауы – ол тыйым болып саналмайды.

Жергілікті билік заңда көрсетілген 11 негіздеме бойынша ғана түрлі жиындар мен шерулерге рұқсат бере алмайды. Бұл туралы Көкшетауда өткен «Бейбіт митингтер туралы» заң жобасын талқылауға арналған қоғамдық тыңдауда айтылды, деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметов.

Қожахметовтың айтуынша, қазіргі таңдағы шерулер туралы заң заману талаптарға жауап бермейді. Хабарлау тәртібін енгізу, қатысушылардың міндеттері мен құқықтарын нақтылау, митинг өткізу үшін арнайы орындарды анықтау және басқа да жаңашылдықтар қазіргі түйткілді мәселелерді реттеуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде қоғам өкілдері митинг жасауға өтініштерді қарау уақытын қысқартуды және құжаттағы өзге де түсініктемелерді нақтылауды ұсынды. Жалпы айтқанда талқылауға қатысқан тұрғындар бұл жаңа заңның қабылдануы аса маңызды екенін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы