399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы бес мектепте 31 сынып карантинге жабылды

  • 291
  • UPD: 07:57, 22.02.2020
СҚО-дағы бес мектепте 31 сынып карантинге жабылды АиФ-Приморье

Солтүстік Қазақстан облысында тұмау өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел респираторлық вирустың жылдам таралуына байланысты Петропавлда Қожаберген Жырау атындағы нөмірі алтыншы орта мектепте карантин жарияланып, уақытша жабылды. 650 бала білім алатын мекемеде оқушылардың 30 проценттен астамы індетке шалдыққан. Ал сырқаттанғандардың басым бөлігін 14 жасқа толмағандар құрап отыр. Сондықтан эпидемиолог мамандардың қаулысына сәйкес оқу процесі бір аптаға тоқтатылды. Жалпы эпидемиологиялық маусым басталғалы бері өңірде 200-ден астам адамның тұмауға шалдыққаны белгілі болды.

Айнұр Сүйіндікова, қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі:

– Аталған білім ордасынан бөлек, қаладағы нөмірі 9, 5, 24, 26 және «БЭСТ» гимназиясынын қоса есептегенде, бес мектепте 31 сынып карантинге жабылды. Себебі бұл сыныптарда сабаққа қатыспай жүрген балалардың саны артқан. Қазіргі таңда облыс орталығында барлығы 600-ден астам оқушының ауырып жатқандығы белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы