448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абай мұрасы – халық қазынасы

  • 288
  • UPD: 08:50, 22.02.2020
Абай мұрасы – халық қазынасы

Семей медициналық университетінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай тағылымдық кездесу өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болашақ дәрігерлер ақын, журналист Мұратбек Оспановтың данышпан ақын жайындағы ой толғамдарын тыңдап, Абай музейі мен кітапханасы ұсынған ғылыми дүниелерге қанықты. Бұл оқу орнында 4 жылдан бері «Абайтанушылар» клубы жұмыс істейді. Оған 120-дан астам студент мүше, ішінде шетел азаматтары да бар екен. Кездесуде өнерпаз жастар ақын шығармаларын оқып, бұл туындылардың дүниеге келу тарихы жөнінде көптеген тың деректер естіп білді. Кездесу соңы «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты кең көлемді кітап көрмесіне ұласты.

Мұратбек Оспанов, республикалық «Абай» журналының бас редакторы:

– Мектепте ұстаздар Абайды оқытуға 2-3 минут бөлсе, сонда партада отырған шәкірт Абайдың даналығын ертеден білер еді. Өйткені көрші Қытай елінде Конфуций ілімі бар, оны барлығы бірдей оқиды. Ал біздің Абай ұлттық идеологияның бір тармағы екенін күні кеше ғана Президенттің мақаласынан қарап біліп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы