413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жер қойнауын заңсыз пайдалану: экологияға 3 млрд теңгеден астам шығын келді

  • 257
  • UPD: 13:35, 22.02.2020
Жер қойнауын заңсыз пайдалану: экологияға 3 млрд теңгеден астам шығын келді

Павлодарда жер қойнауын пайдаланушылар экологияға шамамен 3 миллиард теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай заңбұзушылықтар спутниктік жүйенің көмегімен анықталып отыр. Экологтар жаңа құрылғыны қолдана отырып, пайдалы қазбалар картограммасын жасап шығарды. Жер қойнауын пайдаланушылардың негізгі бөлігі кең таралған - әктас, құрылыс тасы, құм, қаптама тастар, құм және қиыршықтас қоспасын, ас тұзы сынды пайдалы қазбаларды өндірумен айналысады. Экология департаменті жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, пайдалы қазбаларды заңсыз алуға тосқауыл қоюдың Жол картасын әзірлеп, мобильдік топ құрған. Анықталған заңбұзушылық деректері құзырлы органдарға жіберілді. Қазіргі уақытта пайдалы қазбаларды заңсыз алуға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Дархан Исжанов, облыстық экология департаменті  басшысының орынбасары:

– Ақсу қаласының ауылдық аймағында 23 мың текше метр көлемінде құм-қиыршықтас қоспасын өз бетімен өндіру оқиғасы анықталды. Экологиялық залал сомасы 365 миллион теңгені құрады. Осындай заңбұзушылыққа  Павлодар қаласындағы «Достық» шағын ауданының құрылысын жоспарлау кезінде де жол берілген. Кенжекөл ауылдық округіндегі карьерден заңсыз 236 мың текше метр құм алынғаны белгілі болды. Қоршаған ортаға 2,3 млрд теңге шығын келтірілген.

Хабар 24 телеарнасы