443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сырбойылық волонтерлер көпбалалы аналардың АӘК алуына жәрдемдеседі

  • 248
Сырбойылық волонтерлер көпбалалы аналардың АӘК алуына жәрдемдеседі

Еріктілер мемлекеттік төлемақы мен жөргекпұл рәсімдеуге келген тұрғындардың талонын тіркеп, құжаттарын реттеп береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұмыспен қамту орталығына барған аналардың балаларына қарауды да жастар өз міндетіне алды. Еріктілер штабының мыңға жуық мүшесі көпбалалы аналарға қолғабыс тигізуді жыл бойы атқарады. Осы орайда жастар ресурстық орталығы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, сондай-ақ техникалық кәсіби білім беру колледждері 3 жақты меморандумға қол қойды. Одан бөлек, өңірде экосақшылар жасағы құрылды. Олар қариялар мен көпбалалы аналардың үй шаруасына да көмектеседі.

Қуаныш Жанұзақов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

– Экосақшылар әрбір елді мекен, аудан, қала көлемінде тазалық жұмыстарын қоғамда насихаттайтын болады. Қарапайым қоқысты өртеуден бастап, белгіленбеген орындарға тастамауға дейінгі әрекеттерді тұрғындарға түсіндірме шараларын жүргізеді. Жастардың бастамалары арқылы қоғамды таза әлем сақтауға шақырамыз. Қазір олардың құрамы жасақталу үстінде.

Хабар 24 телеарнасы