430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда ломбардқа алданғандар арыз түсірді

  • 732
  • UPD: 15:03, 22.02.2020
Атырауда ломбардқа алданғандар арыз түсірді

Атыраудың полиция басқармасына алаяқтарға алданған салымшылар «ХоумАвтоинвест» мекемесінің басшыларының бірін кепілдікке алып, пәтерде ұстап отырғаны туралы арыз түсті.

Оқиға 21 ақпан күні тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетсек, соңғы күндері мұнайлы өңірде ломбардқа алданғандар дабыл қағуда. Коммерциялық қаржы мекемелері тұрғындардың автокөліктері мен пәтерлерін, тіпті бағалы бұйымдарын жоғары бағамен сатып беремін деп алдаған. Алайда арада айлар өтсе де, салымшылармен толық есептеспей келеді. Ашынған тұрғындар кеше осындай оғаш қылыққа барды. Қазіргі таңда алаяқтықпен айналысты деген күдікпен «НурАлиКапитал» және «Гарант24Ломбард» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қатысты тергеу амалдары басталды. «Гарант 24-тің» аймақтық директоры қамауға алынды.

Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

– Сол бойда көрсетілген мекенжайға жедел тергеу тобы жіберілді.1995 жылы туған «ХоумАвтоинвест» ЖШС орындаушы директорының айтуынша, ол пәтерге өз еркімен барып, салымшылармен әңгімелескен. Оған ешқандай зорлық-зомбылық көрсетілмеген. Қазіргі кезде ол азамат қалалық полиция басқармасында жоғарыдағы жайт бойынша түсінік беруде. Осы орайда, тұрғындардан расталмаған ақпаратты таратуға болмайтындығын ескертемін. Тұрғындардан түскен әрбір арыз бойынша заңды шешімдер қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы