439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде электронды бұйымдар өндірісіне қолдау қажет

  • 176
  • UPD: 16:37, 24.02.2020

Компьютер, теледидар, ұялы телефон немесе басқа да жоғары технологиялы электронды бұйымдар елімізде қашан шығарылады?

Бүгін бұл мәселе бас қалада «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы ұйымдастырған жиында талқыланды. Тың бастама ретінде сырттан әкелінетін электронды өнім бөлшектеріне баж салығын төмендету жайы қаралды. Әзірге елімізде сала жұмысы қарқынды дамымай келеді. Нарықтың жалпы көлемі 900 млрд теңгеге жетеді десек, азғантай бөлігі ғана отандық өндіріске тиесілі. Қалғаны импортталады. «Сондықтан электронды бұйым өндірумен айналысатын компанияларды мемлекеттік қолдау қажет. Шағын және орта бизнеске те салықтық жеңілдіктер жасалса», - деді сарапшылар.

Азаматхан Әміртай, «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының президенті:

- Импорттық өнімдерді шығаруымыз керек дейміз ғой. Сырттан әкелінетін өнімдерді өзімізде өндіруге болады. Бұған жастар қызығуда. Істеуге болады. Сондықтан мемлекеттік бағдарлама қажет.

Хабар 24 телеарнасы