431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейлік волонтерлер аулалардағы қарды күреді

  • 137
  • UPD: 10:49, 23.02.2020
Семейлік волонтерлер аулалардағы қарды күреді

Семейлік бір топ жастар қар астында қалған үйлердің ауласын күреді. Мұндай көмекке негізінен жалғызбасты қарттар мен мүгедектер мұқтаж екен.

Бүгінде оннан астам жер үйдің ауласын тазалап үлгергін белсенді жастар басты мақсаты адами құндылықтарды дәріптеу екенін айтады. Жасы 70-ке таяған Татьяна Севергина қала іргесіндегі Восход кентінде тұрады. Жалғызбасты қария жүрегіне операция жасағалы қар шығаруға қиналатынын айтып, волонтерлер орталығына хабарласыпты. Еріктілер бірнеше сағаттың ішінде аула ішін айнадай қылды. Қазір бұл орталықта 200-ден астам адам тіркелген.

Эльдар Мақсұтов, қалалық волонтерлер орталығының жетекшісі:

- Негізі біздің халқымыздың және де адамдардың арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға біраз сеп болады деген сенімдеміз. Себебі біз мына жаққа сонау орталықтан ат терлетіп келсек, қасындағы көрші үйдегі адамдарға біз себепкер болып, осылай біздің орнымызға өздері айына бір рет осылай қарын күреп берсе, бұл да бір еріктілік, волонтерлік, қайырымдылық, игі іс болатын еді. Біз соған түрткі болсақ деген оймен барлығын жасап жүрміз.

Хабар 24 телеарнасы