428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы музейде Абайдың көне кітабы сақтаулы тұр

  • 522
  • UPD: 17:48, 23.02.2020
Қарағанды облысындағы музейде Абайдың көне кітабы сақтаулы тұр

Қарағанды облысының Абай қаласындағы музейде көне кітап сақтаулы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлы ойшылдың араб тіліндегі шығармалар жинағы 1933 жылы Қызылордада жарық көріпті. Бұл – һакім атындағы мұражайдағы 5 мыңнан астам жәдігердің арасындағы ең құндысы. Бұған қоса мұнда Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында арнайы бұрыш ашылып, онда «Абай жолы» эпопеясының 18 тілдегі нұсқасы қойылды. Айта кету керек, араб тіліндегі көне кітапты 1990 жылы Қарағанды қаласының тұрғыны Шәрбат Кемелбаева әкеліп тапсырған. Өзінің айтуынша, 1955 жылға дейін бұл шағармалар жинағы әкесі Төлеу ақсақалдың қолында болыпты.

Гүлжан Ахметова, музей қызметкері:

– Шәрбәт Кемелбаеваға көне жәдігер әкесінен қалған. Ал ол кісі – бұрыңғы Семей облысындағы Абай ауданының атақты ақыны Төлеу Көбдіков. Ақсақал асыл қазынаны 1955 жылы қызына аманаттапты. Кейін музейге өтеді. Қазір біз кітапты жыртылып қалмас үшін күн сәулесі түспейтін арнайы бөлмеде сақтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы