431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда қазақ тілінің алғашқы онлайн ашық сабағы өтті

  • 194
  • UPD: 19:39, 23.02.2020
Қырғызстанда қазақ тілінің алғашқы онлайн ашық сабағы өтті

Жоғары сынып оқушыларына тікелей эфирде нұрсұлтандық мұғалім дәріс оқыды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл «Отандастар» қорының техникалық көмегінің арқасында мүмкін болды. Таяуда қор Ат-Башы мектеп-лицейін тиісті компьютерлік жабдықпен қамтамасыз еткен. Әзірге оқушылар тек дәріс тыңдаумен шектелді. Келесі аптада сабақтар сұрақ-жауап түрінде, яғни интерактивті негізде өтпек. Негізі қазақ тілінің ашық сабағы Қырғызстаннан бөлек өзге ел тыңдармандары үшін де ұйымдастырылған. Олардың қатарында Беларусь, Иран мен Бельгия да бар. Алдағы уақытта қазақстандық мұғалімдер онлайн сабақтардың кестесін құруы тиіс. Сөйтіп, олар тұрақты түрде өтетін болады.

Хабар 24 телеарнасы