421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл ШҚО-да жол жөндеу үшін 103 млрд теңге бөлінеді

  • 457
  • UPD: 07:54, 24.02.2020
Биыл ШҚО-да жол жөндеу үшін 103 млрд теңге бөлінеді inbusiness.kz

Биыл Шығыс Қазақстан облысында жол жөндеу үшін 103 миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қаражаттың 80 миллиарды Талдықорған – Өскемен – Қалбатау – Майқапшағай тас жолын толық жөндеуге жұмсалады. Республикалық маңызға ие бұл жолдағы жөндеу жұмысын тез аяқтау үшін биыл қаражат екі есе көп бөлінді. Нәтижесінде жоспардағыдан бір жыл бұрын пайдалануға берілмек. Қажетті қаражатты инвесторлар бөлді. Жалпы бұл жол өңірдегі ең нашар бағыттардың бірі болатын. Сонымен қатар күн жылына Өскемен – Алтай ауданы, Семей – Қайнар, Аягөз – Тарбағатай бағытындағы жолдар да орташа жөндеуден өткізіледі. Бұған облыстық бюджеттен 20 миллиард теңге бөлінетін болды.

Нұржан Жұмәділов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Ал енді облыстық бюджеттен бөлінетін қаржыға келетін болсақ, 20,5 млрд қаржы көзделіп отыр. Соған енді 480 шақырымнан астам жолға орта жөндеу жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы