445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавл тұрғыны тегін домбыра үйірмесін ашты

  • 149
  • UPD: 15:20, 24.02.2020
Петропавл тұрғыны тегін домбыра үйірмесін ашты

Петропавл қаласының тұрғыны Бәйімбет Құбайдолла тегін домбыра үйірмесін ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сабақтар кешкі уақытта өтеді. Жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әзірге өнерпаздың алдына 20 шақты бала жиналды. Ұлдар мен қыздар екі топқа бөлінген. Бәрі де ұлттық аспаппен енді танысып, ноталарды жаттау үстінде. Бәйімбет – облыстық филармониядағы «Сегіз сері» оркестірінің мүшесі. Оның айтуынша, қалада домбыра тартып үйренем деген адамдар өте көп. Сондықтан өнер иесі ұлттық аспап мектебін ашуды жоспарлап отыр. Бірақ оған тағы да кәсіби музыканттар керек.

Бәйімбет Құбайдолла, «Шабыт» домбыра үйірмесінің жетекшісі:

- 3 сағатқа ма, бір хабарлама жібергем, бітті, көп адам хат жазып кетті де, бірден алып тастадым. Өйткені оның бәрі саны көп сапасы жоқ болып қалмасын дедім. Қазіргі таңда 2 топпен жұмыс істеп жатырмын. Қазіргі уақытта үшінші топты ашсақ па деген ойымыз бар. Бірақ үшінші топқа қазірден бастап 50 шақты адам жазылып қойды.

Хабар 24 телеарнасы