445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдан Қазақстанға келген 212 адам дәрігерлердің бақылауында

  • 154
  • UPD: 13:18, 24.02.2020
Қытайдан Қазақстанға келген 212 адам дәрігерлердің бақылауында

Соңғы екі аптада Қытайдан Қазақстанға келген 212 адам дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы 6 қаңтардан бастап 32 мың адам тексеруден өткен. Тұмау белгілерімен ауруханаға жатқызылған 165 адамның 158-і үйлеріне шығарылды. Қалған жетеуі ем алып жатыр. Қытаймен арадағы әуе және теміржол қатынасы тоқтағанымен, сауда-саттық жүріп жатыр. Сондықтан шекарадан тауар алып өтетін көлік жүргізушілері де 14 күндік бақылауда болады. Денсаулық сақтау министрлігі вирустың таралуына жол бермеу үшін сақтық шараларын қатаң ұстануға кеңес береді. 

Хабар 24 телеарнасы