422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысындағы барлық білім беру мекемелері бейнебақылау жүйесіне қосылады

  • 462
  • UPD: 14:36, 24.02.2020
Ақмола облысындағы барлық білім беру мекемелері бейнебақылау жүйесіне қосылады

Жыл аяғына дейін Ақмола облысында барлық мектеп пен балабақша бейнебақылау жүйесіне қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін облыс қазынасынан 67 млн теңге қаржы бөлінді. Білім басқармасындағылардың айтуынша, бүгінде қала мен аудандардағы 120 балабақшада бейнекамера бар. Сондай-ақ 5 мыңға жуық құрылғы мектептерде орнатылған. Бейнекамераларға түскен жазбалар тікелей құқық қорғау органдарына жіберіледі. Бұдан бөлек, облыс бюджетінде білім беру нысандарын күзетуге де қаржы қаралған. Балалардың қауіпсіздігін мамандандырылған ұйым қызметкерлері қамтамасыз етеді.

Әсет Дүйсембаев, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында, биыл бейнебақылау жүйесін ішкі істер органдарының шұғыл басқару орталығына қосу жұмыстары басталды. Бүгінгі күні Көкшетау қаласындағы 25 мектептің 9-ы қосылды. Бұл үшін қалалық бюджеттен 5 млн теңге бөлінді. Қолға алынған жұмыс әрі қарай жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы