448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жолды қардан тазарту жұмыстарынан олқылық анықталды

  • 137
  • UPD: 01:33, 25.02.2020
Қостанай облысында жолды қардан тазарту жұмыстарынан олқылық анықталды

Ақпан айындағы ақтүтек боран қостанайлық жолшыларды біраз әбігерге салды. Олар 1400  шақырым республикалық маңыздағы трассаны тазартып үлгіре алмай жатыр. Елуден астам жол жабылды.

Әрине оған үсті-үстіне қар жауып, үздіксіз боран соғуы себеп болғаны түсінікті. Алайда кей сәттерде жолшылардың жұмысында жүйесіздік байқалмай қалған жоқ. Жол активтері сапасының ұлттық орталығы  жүргізген тексеріс барысында 130-дан астам кемшілік анықталған. Бұл жәйттер бойынша арнайы ұйғарым шығарылды. Екі мердігерге айыппұл салынды. Ал жолшылар болса қардан тазарту техникасының жетіспеушілігін алға тартады.

Рүстем Болат, «Қостанай - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері:

- Боран жауғаннан кейін 4709 төрт сағаттың ішінде тазартылуы керек. Қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде. Бірақ өзіңіз көріп тұрғандай нелер болмау керек, осындай қар үйінділері деген сияқты, сосын мұз болмау керек. Сосын основной жолдан 1,5 метр стандарт бойынша жол таза болуы болу керек.

Андрей Горват, «Қазавтожол» ҰК ҚОФ директоры:

- Бізде қазір қыс мезгілі республикалық маңыздағы жолдарды тазартатын 71 техника бар. Бұл  қажетті көлемнен 30 процентке кем.

Хабар 24 телеарнасы