447,60 487,00 5.70

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Біз жеңістің мұрагеріміз» атты әскери-патриоттық эстафета Қызылордада жалғасты

  • 212
  • UPD: 22:56, 24.02.2020
«Біз жеңістің мұрагеріміз» атты әскери-патриоттық эстафета Қызылордада жалғасты

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Біз Жеңістің мұрагеріміз» атты әскери-патриоттық эстафета Қызылорда қаласында жалғасты. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ұлттық ұлан ұйытқы болған шараның мақсаты - екінші дүниежүзілік соғыста Отанын жанқиярлық ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсету, есімдерін ел есінде сақтау. Сонымен қатар 1941 жылы Алматыда құрылған 316-атқыштар дивизиясының ұлы ерлігі ұлықталды. Ұлттық ұлан бөлімшелері, ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жеке құрамы, әскери-патриоттық жастар клубтарының өкілдері Панфилов дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесін салтанатты саппен алып өтті.

Айта кетейік, айтулы эстафета 5 ақпан мен 5 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде жалғасады. 

Ниязтай Әлкешев, ҚР Ұлттық Ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары:

- Бұл эстафета айта кететін болсақ, 5 ақпанда басталып, осы 14 облыс орталықтарында өтеді, 3 республикалық маңызға ие қалада және кішігірім 7 қалада өтеді. Осы эстафета барысында ардагерлердің үйіне барып қошемет көрсетіп, мектептерге ерлік сағаттарын өткізіп, осы қазақстандықтардың ерліктерін қосқан үлестерін насихаттайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы