424,63 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында су басу қаупі бар аймақтар анықталды

  • 637
  • UPD: 10:03, 25.02.2020
Алматы облысында су басу қаупі бар аймақтар анықталды

Алматы облысындағы 40 аумақты су басуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қауіптің алдын алуға кірісті. Сел жүріп, су жиналуы ықтимал деген аймақтарда оқу-жаттығу жиынын өткізді. Өзендер мен тоғандардың, арық-атыздардың арналарын тазартып, тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірде төтенше жағдайды болдырмау және салдарын жоюға жергілікті қазынадан 1,2 млрд теңге қарастырылған. Бүгінгі күні облыс аумағында 76 су қоймасы, 21 бөгет, 117 тоған, 35 су торабы, 160 шақты магистральді канал бар. Соларды бақылау үшін 90-нан аса гидробекет қойылды. Қазіргі таңда сала мамандары су деңгейін тексеріп, ұдайы мониторинг жүргізіп отыр.

Ерлан Ақашев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Қарасай ауданында Райымбек, Алакөлде Қамысқала, Екіпінді ауылы бар. Талғар ауданында Талғар қаласының өзі бар. Тұздыбастау бар. Және Іле, Жамбыл бар. Ең бірінші осы аймақтардан қауіпті күтудеміз.

Хабар 24 телеарнасы