412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көктемгі тасқын петропавлдықтарды да әбігерге салуы мүмкін

  • 290
Көктемгі тасқын петропавлдықтарды да әбігерге салуы мүмкін

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қар күрт ерісе, «Заречный кенті», «Былғары зауыты», «Ойқала», «Копай» және «Береке» аудандарында орналасқан жер үйлер су астында қалуы мүмкін деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты құтқарушылар 230 баспананы қатаң бақылауға алды. Қазір мұнда 2 мың 700-ден астам адам тұрады. Апаттың алдын алу үшін ақпан айының соңынан бастап жеке секторлардан жаппай қар шығару жұмыстары басталады. Жалпы биыл өңірде 92 елді мекенге тасқыннан қауіп төніп тұр. Оның 18-і – Есіл өзенінің бойында орналасқан ауылдар.

Рамиль Қамалов, облыстық ТЖД басшысы:

– Бүгінде облыс орталығынан тәулігіне 10 мың текше метр қар шығарылады. Бұл әрине өте аз. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды күшейтетін боламыз. Мұнымен қоса қала шетінде орналасқан 5 мыңға жуық саяжай учаскесіне де қауіп төніп тұр. Қазір мұнда 250 адам тұрып жатқандығы белгілі болды. Сондықтан олармен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Жалпы көктемде жағдай күрт қиындайтын болса, шахарда 10 эвакуациялық бекет құрылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы