414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы Целиноград ауданында төтенше жағдай жарияланды

  • 240
  • UPD: 12:16, 25.02.2020
Ақмола облысындағы Целиноград ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақмола облысының Целиноград ауданын су басуы мүмкін. Қазір онда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңір басшылығы елді мекен тұрғындарын қауіпсіз аумаққа көшіре бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Ақмола облысынан бөлек, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары да көктемгі су тасқынына әзірге дайын емес. Ішкі істер министрі тасқын судан сақтану үшін қазір тиісті шаралар жасалып жатыр деді. Бірақ кейбір аймақ басшылары бұл іске селқос қарайды екен. Қазір елімізде су басу қаупі бар 600-ден астам учаскі анықталған. «Қазгидромет» толық ақпаратты 1 наурызда жарияламақ.

Хабар 24 телеарнасы