424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қару ұрлап қашқан әскери екі тапаншаны 120 мың теңгеден сатып үлгерген – ІІМ

  • 799
  • UPD: 14:12, 25.02.2020

Түркістан облысындағы әскери бөлімшеден қару-жарақ ұрлаған сарбаздың екі сыбайласы қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар да уақытша тергеу изоляторына қамалды. Күдіктіден 29 автомат, 24 тапанша және оқ-дәрілер тәркіленген. Қару-жарақты қолды қылғандар 2 тапаншаны 120 мың теңгеге сатып үлгерген. Бірақ жедел-іздестіру шарасы кезінде сатылған қару-жарақ кері қайтарылды. Қазір осы оқиға бойынша екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Ұрлық болған түні әскери бөлімшені күзеткендер де жауапқа тартылмақ. Күдікке ілінгендердің арасында дивизия командирі де бар.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР ішкі істер министрі:

– Әскери бөлімшеден қару-жарақ ұрлаған күдікті және оның екі сыбайласы ұсталып, темір торға тоғытылды. Қазір олар тергеліп жатыр. Күдіктіден 29 автомат, 24 тапанша және оқ-дәрілер тәркіленді. Ол барлық қаруды біртіндеп сыртқа шығарып отырған. Кейін сыбайластарының көмегімен сатпақ болды.

Еске сала кетейік, Шымкентке тақау маңдағы әскери бөлімнен қару алып қашып кеткен кіші сержант ұсталған еді.

Хабар 24 телеарнасы