424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру көзделуде

  • 479
Елімізде қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру көзделуде

Бүгін Nur Otan партиясының қабырғасында қоғамдық кеңестер мәселесі жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізуге арналған жиын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуға Мәжіліс депутаттары мен кеңес мүшелері қатысты. Олар жер-жердегі қоғамдық кеңес жұмысын жетілдірудің жолдарын талқыға салды. Мәселен, кеңестердің тәуелсіз қызметін қамтамасыз ету, кеңес мүшелерін азаматтық қоғам өкілдері қатарынан сайлау және сандық құрамды белгілеу мәселелері қозғалды. Осы сынды ережелер ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген заң жобасына енгізілген. Қазір жоба мәжілістің қарауында. Депутат Серік Сейітдумановтың пікірінше, әрбір кеңес жұмысының тиімділігін арттыру үшін штаттық қызмет бөлінуі тиіс.

Серік Сейітдуманов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

– Бұл саладағы тәжірибені есепке алсақ, еліміздегі 234 кеңес пен оның құрамындағы 4 мың адамның тәжірибесі ауыз толтырып айтарлық. Олардың ұсыныстарын ескерген жағдайда қоғамдық кеңестің қызметін жақсартуға болады. Сондай-ақ мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдерге өз ықпалын тигізетін жағдайға жетеді.

Хабар 24 телеарнасы