435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында жылжымалы дәріхана ашылды

  • 146
Қарағанды облысында жылжымалы дәріхана ашылды

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында жылжымалы дәріхана ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді арнайы көлік бекітілген кесте бойынша ауыл-ауылды аралап, арзан бағаға дәрі-дәрмек жеткізеді. Бұған дейін өңірде жалғыз стационарлық дәріхана болды. Шалғай елді мекеннің тұрғындары дәрі алу үшін аудан орталығына баруға мәжбүр-тін. Қазір бұл қиындық артта қалды.

Тұңғышбай Мұқан, Ақтоғай ауданының тұрғыны:

– Тұрғындарға қызмет ететін автодүкен, автоклуб, автошеберхана деген болатын. Дәріхана деген бірінші рет. Тәуелсіздіктің жетістігі деп бағалауымыз керек. Бұл шалғайда жатқан адамдардың алаңсыз еңбек етуіне зор мүмкіндіктер береді.

Хабар 24 телеарнасы