443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық оқушылар Абай шығармаларын үш тілде оқыды

  • 206
  • UPD: 15:25, 25.02.2020
Павлодарлық оқушылар Абай шығармаларын үш тілде оқыды

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Павлодарда «Абайды үш тілде оқимыз» атты акция бастау алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байқау түрінде өтіп жатқан шараның алғашқы кезеңіне қала мектептерінен 250-ден аса оқушы қатысты. Олар алдымен ақынның «Көзімнің қарасы» әніне флешмоб ұйымдастырды. Сонымен қатар ұлы ақынның шығармашылығы мен өміріне зерттеу жүргізіп, ғылыми жобалар дайындаған. Байқау шартына сай оқушылар бір шығарманы бірден үш тілде орындауы тиіс. Данышпан ақынның қара сөздерін дуэт болып айтып жатқандар да бар. Әсіресе Абай шығармаларын әлем халықтарының тілінде оқуға ниет білдіргендер қатары өте көп. Ағылшын, орыс, неміс тілдерінен бөлек Абай өлеңдері корей және араб тілдерінде оқылды.

Меруерт Шаманова, №20 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

– «Абайды үш тілде оқимыз» акциясы өткізіліп жатыр. Бұл шараға 200-ден астам мектеп оқушылары қатысып жатыр. Оның ішінде қазақ, орыс, ағылшын, португал, неміс, француз тілдерінде оқушылар Абайдың шығармаларынан өлеңдерін және қара сөздерін оқиды. Бұл акцияның мақсаты – ең Абай атамыздың шығармашылығын насихаттау және балаларды кітап оқуға тарту.

Әмина Ғомар, 8 сынып оқушысы:

– Абайдың он алтыншы қара сөзін үш тілде оқыдым. Яғни орыс, қазақ және украин тілі. Абай өлеңдерінің мәні өте зор, бірақ оларды оқып-жаттау өте оңай.

Хабар 24 телеарнасы