433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда екі ірі ломбард директорлары ұсталды

  • 302
  • UPD: 21:40, 25.02.2020

Павлодарда «Ломбардқа алданып қалдық» деп полицияға шағымданған жұрт көп. Олардың алды 500 мың теңгеден 6 млн теңгеге дейін қаржы салған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі ай бойы салған қаражаттан 30%-тік түсім алып келіпті. Ал үшінші айдың кірісін алуға келгенде ломбардтардың жабық тұрғанын көріп, күдіктене бастаған. Қазір екі ірі ломбардтың директоры «аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады» деген айыппен уақытша ұстау абақтысына қамалды. Әзірге бұл өңірде алаяқтық құрбандарының саны және қанша көлемде қаржы салғандары есептеліп жатыр.

Ержан Шәріпов, зардап шегуші:

- Банктен ақша алдым да, осында түсірдім. Әр ай сайын процент беріп отырды. Екі ай берді енді. Салымшылар көп болды және процент алуға келгенде де кісілер болды. Мен айта алмаймын, 10 кісі ме, 5 кісі ме, отырған кісілерді көрдім енді. Қағаздарды жазады, сосын келісімшарттар бекітеді. Менеджерлер жазады, сосын ақшасын кассаға тапсырасың.

Жанна Белялова, облыстық ПД ресми өкілі:

- Бұл деректің себеп-салдарын анықтау мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Мамандар істің анық-қанығын тексереді. Бүгінде зардап шеккен азаматтармен тергеу шаралары басталды.

Хабар 24 телеарнасы