431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда волонтерлер қан тапсырды

  • 117
  • UPD: 10:20, 26.02.2020
Алматыда волонтерлер қан тапсырды

«Волонтерлар жылы» аясында Алматы жастары өз еріктерімен донор ретінде қан тапсыруда. «Өмірге үміт сыйлаймыз» деп аталған мұндай игі шара «Jas Otan» coworking  орталығында тұрақты өтетін болды.

Қан өткізуге келген әрбір адам алдымен сауалнама толтырып, дәрігердің қабылдауында болады. Рұқсат алған соң азаматтар сол жерде  қан тобын, резус факторын және гемоглобинін  анықтап, ортақ базадан тексеріледі. Денсаулығына байланысты ешбір жерде тіркеуде тұрмаған адамдар ғана донор бола. Бүгінгі шараға екі жүзге жуық алматылық жастар қатысып, қан өткізді. Қаладағы ауруханалар мен перзентханаларды қанмен қамтамасыз етіп отырған орталықта қазіргі кезде қан жеткілікті. Бұл шара тек сол қорды толықтырып отыру, сондай-ақ тұрғындардың 10 пайызында ғана сирек кездесетін 4-қан тобын анықтау дейді қан орталығының мамандары. 

Нұрдәулет Әбдіқадыров, қалалық қан орталығының донорлар жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі:

- 4-группа әсіресе теріс резус факторы келетін болса, біз ол үшін қуанамыз әр уақытта. Тек ғана қан көмек беретін көп жағдайлар бар.  Оның үстіне қазір ғылым қанша дамыды десе де жасанды қанды ешкім ойлап тапқан жоқ. Сондықтан қан Алматы қаласына күнделікті керек  нәрсе.

Нұрай Әбжан, студент:

- Негізі қан тапсырған тапсырушы донорға да және қабылдаған реципиент де пайдалы. Өзімнің қанымды неге мұқтаж адамдарға бермеске деп  ойладым. Осылайша бір адамның құтқарып қалсам, бұл менің жетістігім деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы