432,17 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында үйінің төбесіне есірткі еккен адам ұсталды

  • 495
  • UPD: 12:15, 26.02.2020
Алматы облысында үйінің төбесіне есірткі еккен адам ұсталды

Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны озық үлгідегі техниканы есірткі өсіруге пайдаланған. Ол өз үйінің шатырын жылыжай етіп, онда зиянды өскін егіпті. Оны күн энергиясы арқылы жылытып, жарықтандырып отырған. ПД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері күдіктінің үйінен 26 келіге жуық 47 түп өсімдікті, 300-ге тарта орама және 8,5 кг тартатын екі қап марихуанна тапты. Өнерін өзге мақсатқа пайдаланған 47 жастағы ер азамат қамауға алынды.

Ақбота Әзірбек, облыстық ПД ресми өкілі:

- Есірткі өсімдіктерін өсіру, аса ірі мөлшерде дайындау және сақтау дерегі бойынша, ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Атырау-Доссор бағытындағы жол бойында жүк көлігі өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өртенген көлік Тәжікстан Республикасының азаматына тиесілі болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға Қарабатандағы мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында орналасқан өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен арнаулы техника тартылды. Қызыл жалын көп ұзамай сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазір жүк көлігінің неден өртенгені анықталуда.

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 25 ақпан күні түскі сағат 1 шамасында Қарабұтақ-Қостанай жолының Әйке ауылы маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша Honda шағын автобусы қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде Honda автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы Тәжікстан Республикасының азаматтары оқиға орнында қаза тапты. Осыған байланысты Полиция департаменті жолға шығар алдында жол қауіпсіздігін ескеріп, жол белгілерінің талаптарын сақтауды ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы