412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдан басқа елдерде коронавирус жағдайы күрделеніп жатыр – Ж.Бекшин

  • 292
  • UPD: 12:13, 26.02.2020
Қытайдан басқа елдерде коронавирус жағдайы күрделеніп жатыр – Ж.Бекшин

Қытайда коронавирусқа байланысты жағдай тұрақталуда.

Ал басқа елдерде жағдай күннен күнге күрделеніп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ баспасөз мәслихатында. 

«Мысалы, қазіргі таңда Қытайдан басқа елдерде 2544 жағдай тіркелді. Кейінгі кезде Иран Республикасында жағдай күрделенуде. Ресми түрде 42 жағдай тіркелді және 12 жағдай өлім-жітіммен аяқталды. Оңтүстік Кореяда қазіргі таңда 10 адам көз жұмды, Италияда 10 адам, Гонконгте 2 жағдай өліммен аяқталды», - Ж.Бекшин.

Бұған дейін коронавирусқа байланысты реттеп алған 3 категорияның тізіміне жағдайдың күрделенуіне байланысты өзгерістер енгізілгенін айтып өтті.

«Денсаулық сақтау министрлігі қазір коронавирус бойынша қауіпті 1-категориядағы елдер қатарына тағы бірқатар елді енгізді. Бұрын тек қана Қытай болса, қазіргі таңда Оңтүстік Корея, Жапония, Италия, Иран және Гонконг, Макао енгізілді. Және Тайвань аймағы енгізіліп жатыр. Бұл шешім әлемдегі жағдайдың күрделенуін көрсетеді», - деді бас санитарлық дәрігер.

Кеше ҚР бас санитарлық дәрігердің қаулысы шығып, барлық мүдделі мекемелерге тиісті тапсырмалар берілгенін айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы