422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ж.Бекшин коронавирусқа қарсы вакцинаға байланысты пікір білдірді

  • 517
  • UPD: 12:12, 26.02.2020
Ж.Бекшин коронавирусқа қарсы вакцинаға байланысты пікір білдірді

Қазіргі уақытта АҚШ, Қытай, Ресей елдері бірлесіп коронавирусқа қарсы вакцина дайындау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

«Вакцина әзірлеу деген өте күрделі мәселе. Оны әрбір ел өз бетімен ешқашан шығара алмайды. Неге десеңіз, оның шығыны өте көп. Сондықтан үлкен дамыған елдер ең біріншіден, АҚШ, Қытай, Ресей бірлесіп жұмыс жасап жатыр», - деді ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Бірақ оның қашан әзірленетінін, нәтижесі қашан болатыны белгісіз екенін айтып өтті.

Ресми өкілдердің айтуынша, 12-18 айда вакцина әзірленуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы