432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда тасқынға қарсы шаралар пысықталды

  • 209
  • UPD: 13:41, 26.02.2020

Жетісу жері еліміздегі ең сулы аймақтардың бірі. Алматы облысының өзінде ғана 500-ге жуық ірілі-ұсақты өзен-көл бар. Күн күрт жылыса солардың біразы арнасынан асып, тасуы мүмкін. Осыған байланысты ТЖД мамандары өзге құрылымдармен бірлесіп, оқу жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Сала мамандары қай жерде? Қандай жұмыстарды пысықтап жатыр?

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Армысыздар қымбатты көрермендермен әріптестер. Оқу-жаттығу Талдықорғанда Қаратал өзенінің жағасында өтіп жатыр. Бұл жер бекер таңдап алынған жоқ. Өйткені ағын су жылына екі рет тасиды. Яғни көктемде және таудағы мұздықтар ерігенде су деңгейі көтеріледі. Қазірдің өзінде өзен жағалауды ептеп шая бастаған. Су орып кетуі мүмкін деген осы бөгетті мамандар бекітіп, іс тәжірбиелік жиынды пайдалы іспен ұштастыруда. Жоспарланған сценарий бойынша тасыған өзен жақын маңдағы үйлер мен тұрғындарға қауіп төндірген. Міне менің артымда тұрған бірнеше техника соның зардаптарын жойып, жырылған жыраны топырақпен толтырып, тығыздап жатыр. Сонымен қатар құм салынған қаптармен жағалау нығайтылу үстінде. Ал өзен ортасында мамандар балықшыларды құтқарып, өз шеберліктерін шыңдады.

 

Хабар 24 телеарнасы