447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елiмiз елу жылдан кейiн қуаңшылықпен бетпе-бет келуi мүмкін

  • 242
  • UPD: 16:39, 26.02.2020

40-50 жылдан кейін қазақ жері шөлге айналып, тұрғындар қуаңшылықтың азабын тартуы мүмкін. Биология ғылымдарының докторы, профессор Келіс Жайлыбай осындай мәлімдеме жасады. «Мұндай қиындықтардың алдын алу үшін мұyай өнімдері мен көмір жағуды азайтып, керісінше көп ағаш еккен жөн. Сондай-ақ бесінші сыныптан бастап, «Экология» пәнін оқытып, мектептерде «эколог-бағбанды» қызметке алу керек дейді профессор.

Қазақстан аумағының 60 пайыздан астамы далалық, шөл және шөлейтті жерге жатады. Болар-болмас орман бар. Оның көлемі 4,5 проценттен әрең асады.   

Келіс Жайлыбай, биология ғылымдарының докторы, профессор:  

- Бізде шөлейттену процесі күшейіп,  ыстық температура қалыптасуы мүмкін. Біздің болжамымыз бойынша шөлейттену процесі 2026-2036 жылдары келіп 2046-2050 жылдары өзінің шарықтау шегіне жетеді.

 «Сондықтан ағаш отырғызуды ұлттық деңгейде қолға алу қажет»-дейді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Келіс Жайлыбай. Топырағы құнарлы облыстарға арша, емен, үйеңкі, алма тез бейімделеді. Ал шөлейтті жерлерге жиде, тал, қарағаш пен тораңғы жақсы жерсінеді екен. 

 Келіс Жайлыбай, биология ғылымдарының докторы, профессор:

- Мектепке «Экологияны» бесінші кластан бастап, енгізу керек. Және мектепте эколог-садавод деген штат беріп, оған 1-2 жұмысшы берсе анандай отырғызған ағашты олар жаз бойы суғарады. Сосын олар өлмейді, жақсы өседі. Ол 3 метр биіктікке жеткеннен кейін ол ағаштың қасиеті ол теңізден қаншалықты қашық болса да ылғалды өзіне тартады. 

Соңғы жылдары Алмтыда жауын-шашын азайған. Мұны тек ғалымдар емес, қарапайым қала тұрғындары да байқап жүр.   

Келіс Жайлыбай, биология ғылымдарының докторы, профессор:

- Алматыда бұрын болмаған ыстық 2019 жылы болды. 45 градусқа дейін болды. Қазіргі кезде сіздер байқайсыздар ма? Шілде айында Алматының үстіне бұлт жиналады, жиналады бірақ жаумайды транзитом Қытайға кетіп қалады.

Бұл да ағаштың аздығынан, дейді ғалым. Сондықтан Алматы мен Қаскелеңнің ортасын орманға айналдыру керек. Биологтың айтуынша, жасыл желек Бетпақ дала мен Қызылорда өңірінен келетін аптап ыстыққа табиғи қалқан болады.   

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы