427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте салымшылар алданып қалған ломбард директоры ұсталды

  • 599
  • UPD: 16:06, 26.02.2020
Шымкентте салымшылар алданып қалған ломбард директоры ұсталды

Шымкентте «ESTATE Ломбард» ЖШС-нің директоры қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, алданған салымшылар полицияға жаппай арыз түсірген. Қазіргі таңда «ESTATE Ломбард» пен «Гарант 24» ЖШС-теріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

«ESTATE Ломбард» ЖШС мен «Гарант 24» ЖШС-не қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3- бөлігімен іс қозғалған.

«Қазіргі таңда «Гарант 24» ЖШС директорын ұстауға қатысты қажетті шаралар жүргізілуде», – делінген хабарламада.

 

Хабар 24 телеарнасы