431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында су басуы мүмкін қауіпті 40 аймақ анықталды

  • 201
  • UPD: 21:41, 26.02.2020
Алматы облысында су басуы мүмкін қауіпті 40 аймақ анықталды

Жетісу жері – еліміздегі ең сулы аймақтардың бірі.

Алматы облысының өзінде ғана 500-ге жуық ірілі-ұсақты өзен көл бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн күрт жылыса, солардың біразы арнасынан асып, тасуы мүмкін. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті мамандары өзге құрылымдармен бірлесе «Көктем - 2020» оқу жаттығуын өткізді. Жоспарланған сценарий бойынша Қаратал өзені тасып, жақын маңдағы үйлерге қауіп төндірген. Соған сәйкес, мамандар азаматтарды эвакуациялады. Ал ауыр техникалар ағын судың арнасын тазалап, жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылар арғы бетте қалып қойған балықшыларды өзеннен өткізіп, шеберліктерін шыңдады. Өту мүмкіндігі жоғары көліктер де сынақтан өткізілді. Мұндай оқу жаттығу жиындары өңірдің барлық аудан қалаларында ұйымдастырылды. Жалпы өңірде төтенше жағдайды болдырмау және оның салдарын жоюға 2 млрд теңге қарастырылып отыр.

Асқар Тойшыбеков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Алматы облысының аумағында су басуы мүмкін деген 40 қауіпті аймақ анықталып отыр. Соған сәйкес, шұғыл әрекет ету жасағы мен өзге де құрылымдық күштер күшейтілген жұмыс кестесіне көшіріліп, сақадай сай тұр. Сонымен қатар 157 эвакуациялық пункт дайындалды.

Хабар 24 телеарнасы