439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында баспананы заңсыз үлестірген 28 тұлға жауапқа тартылды

  • 178
  • UPD: 19:29, 26.02.2020
Қарағанды облысында баспананы заңсыз үлестірген 28 тұлға жауапқа тартылды

Қарағанды облысында 1200 адам үй кезегіне заңсыз тұрған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеріс барысында прокурорлар баспана бөлудегі біраз былықтың бетін ашты. Айталық, 110 отбасына жалдамалы пәтер ешқандай келісімшартсыз берілген. Сөйтіп қадағалаушы орган 18 миллион теңгені қазынаға қайтарып, заңсыз берілген 4 пәтерді коммуналдық меншікке өткізді. Мұның сыртында кезекте тұрған 94 адаммен жалдамалы үйге келісімшарт жасалып, 5 жетім бала баспаналы болды. Ал мың адам үй кезегінен шығарылды.

Нұрсұлтан Қалдырбай, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

– Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық кодекстің 189 және 190-баптары бойынша жүргізіліп жатыр. Прокурорлардың актері бойынша 28 лауазымды тұлға, оның ішінде 12 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар облыс прокуратурасының бастамасы бойынша тұрғын үй кезегін қою туралы өтініштерді қабылдау барысын электронды порталдың көмегімен цифрландыру сұрағы қарастырылуда.

Хабар 24 телеарнасы