448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Орлан-2000» компаниясына тиесілі ұшақтардың барлығы тексеріледі

  • 111
  • UPD: 22:11, 26.02.2020

Апатты жағдайға байланысты «Өрлен 2000» ЖШС-нің жұмысы уақытша тоқтатылып, оған қарасты ұшақтардың барлығы тексерістен өткізіледі.

Бұл туралы Қазақстан авиация әкімшілігінің бас директоры мәлімдеді. Питер Гриффитстің айтуынша, санавициялық тапсырмамен Ақсуат ауданына бет алған ұшақ орта жолда қажет болмай, кері қайтарылған. Ұшқыштың әуе кемесін апатты жағдайда қондыруына нақты не себеп алдағы уақытта анықталады. Айта кетейік, қазір Қазақстанда АН-2 үлгісіндегі шағын ұшақтың 313-і қолданыста жүр.

Питер Гриффитс, Қазақстанның авиация әкімшілігінің бас директоры:

– Соңғы рет аталған ұшақты 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстанның жеңіл авиациясы ассоциациясы тексерістен өткізген. Ұшақтың қолданыс жарамдылығын растайтын сертификат бір жылға берілген. Аппаты жағдайға не себеп болғанын, «Бек Эйрдің» жағдайы сияқты біз бірден айта алмаймыз. Алдын ала зерттеу нәтижелері екі апта ішінде белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы