432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ауыл» партиясының төрағасы Ә.Бектаев студенттермен кездесті

  • 507
«Ауыл» партиясының төрағасы Ә.Бектаев студенттермен кездесті

«Ауыл» партиясының төрағасы, Сенат депутаты Әли Бектаев Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиын барысында партия жетекшісі дәріс оқып, болашақ мамандарды қызықтырған сауалдарға жауап берді.

Әли Бектаев, «Ауыл» партиясының төрағасы, Сенат депутаты:

– Аграрлық университетте негізінен ауылдан балалар білім алып жатыр. Ауыл шаруашылығы мамандығын оқып жатыр, ертең олар ауылға барып жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша қызмет істейді. Ауыл шаруашылығының, аграрлық саланың қыр-сыры, ондағы проблемалар, сол проблемаларды шешу барысы, жастарды ауылдарда тұрақтандыру үшін қандай жұмыстар атқарылу керек, мемлекет тарапынан қандай қамқорлық жасалып жатыр, осы жөнінде сұрақтар көп болды.

Хабар 24 телеарнасы