427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абайлаңыз, көктайғақ!

  • 557
  • UPD: 21:36, 26.02.2020
Абайлаңыз, көктайғақ! СуперОмск

Елордада жаңбыр сіркіреп, соңы көктайғаққа ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан мертігіп жатқандар көп. Бірінің қолы сынса, бірі тобығын шығарып алған. Дәрігерлердің айтуынша, көмекке жүгінетіндер өте көп. Жалпы соңғы екі айға жуық уақытта көктайғақ салдарынан жарақат алғандардың саны 600-ге жуықтаған.

Алексей Солод, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травмотологы:

– Дәрігерлердің көмегіне түскі уақытта жүгінгендер көп болды. Солардың 60 пайызы қолын немесе аяғын сындырып алған. Кейбірі ауруханаға жатқызылды, жеңл жарақат алғандар үйлеріне қайтарылды.

Қостанайды да көк мұз құрсап тұр. Таңертең жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа айналды. Балалардың қауіпсіздігі үшін түстен кейін сабақ болған жоқ. Мұнда көктайғақтан зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінгендер саны күндіздің өзінде 25-ке жетті. Оның ішінде 17 адамның сіңірі созылған.

Хабар 24 телеарнасы