431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда биыл су тасқыны қаупі жоқ – ТЖД

  • 128
  • UPD: 08:20, 27.02.2020
Алматыда биыл су тасқыны қаупі жоқ – ТЖД

«Алматыда биыл су тасқыны қаупі жоқ», - дейді Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері.

Дегенмен, сақтық шаралары қолға алынып, «Көктем-2020» оқу-жаттығуы аясында өзендердің арнасы мұздан аршылып, қоқыстан тазартылды. Су тасқынының алдын алу жұмыстарының нәтижесінде 500 нысанды су басу қаупі жойылды. Жаттығу барысында өзен арнасының 7 шақырымы тұрмыстық қалдықтар мен қар-мұздан тазаланды. Сақтық шарасына қалалық Төтенше жағдай департаменті, Азаматтық қорғаныс, Ұлттық ұлан сарбаздары мен коммуналдық қызмет өкілдерінен барлығы 300-ден астам адам жұмылдырылып, 60-қа жуық техника тартылды. Мамандардың айтуынша, табиғи апат пен техногендік сипаттағы оқыс-оқиғаға қаланың азаматтық қорғанысы дайын. Сондай-ақ қала тұрғындарына өзенге күл-қоқыс тастамауды ескертеді.

Ерлан Әлібеков, қалалық ТЖД басшысының орынбасары:

- Алматы қаласы бойынша алты жарым мың адам 1370 техника 142 арнайы мотопомпа, 102 электрогенераторлар және де 13 мың қап, 70 мың тонна инерттік заттар осы кезеңге дайындап отырмыз. Қазіргі кезде Алматы қаласында биылға су тасқыны қаупі жоқ деп айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы